ММ "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ"

«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

1. Пошталық мекенжай: 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 112, 2 қабат, 203 каб.
2. Бастықтың тегі, аты-жөні: Талгат Серикбайұлы Болатов
3. Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
4. Сенім телефоны - 575-412 , қабылдау бөлмесінің - 575-411
5. Орталық атқарушы орган: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері басқару комитеті

Басқарманың негізгі міндеттері:

1) құрылыс салу бойынша инвестициялық жобаларды (бағдармаларды) республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар есебінен іске асыру;
2) құрылыс, сәулет, қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

Басқарма мына функцияларды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар есебінен іске асыру процесінде құрылысқа тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
2) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші ретінде салынған объектілерді пайдалануға берудегі қабылдауға қатысу;
3) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
4) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
5) облыстық мәслихат мақұлдаған халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыну мен әзірлеуді ұйымдастыру.
6) облыстық мәслихаттар мақұлдаған, әкімшілік-аумақтық бірлік ведомстволық бағынысты аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарларының жобасын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
7) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Републикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
8) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
9) аумақтардағы жоспарланған құрылыс салу немесе басқа қала құрылысындағы өзгерістер туралы тұрғындарды ақпараттандыру;
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылыс жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің актілерін дайындау;
11) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
12) мемлекеттік қала құрылысы кадастрінің мәліметтер базасына енгізу үшін белгіленген тәртіпте ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;
13) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
14) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;
15) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы туралы ережені ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісімі бойынша әзірлейді және бекітеді;
16) өз құзыреті шеңберінде гендерлік саясатты іске асыру;
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

akorda rusadilet2egov16expo18zeleconomgoszakupdosziljebnewsspktobolortcomelkzkaztubeipodkzenbek

Байланыстар

Телефон
+7 (7142) 575-411
Адрес
Әл-Фараби даңғылы 112, каб. 203, Қазақстан, Қостанай қ. 110000
Почта
usko@kostanay.gov.kz