ММ "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ"

Әкімдігінің
2017 жылғы 16 маусымдағы
№ 296 қаулысымен бекітілген


«Қостанай облысы әкімдігінің
құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, тапсырыс беруші және бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылады.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары жоқ.
3. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемеретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемеде жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті сағат 9.00 ден 18.30. сағатқа дейін (сенбі және жексенбіден басқа күндері), тамақтану және демалу үшін сағат 13.00 ден 14.30. сағатқа дейін үзілісімен.
12. Осы ереже «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қостанай облысында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту, жүзеге асыру және жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
16. Міндеттері:
1) құрылыс салу бойынша инвестициялық жобаларды (бағдармаларды) республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар есебінен іске асыру;
2) құрылыс, сәулет, қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыс аумағында құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражаттар есебінен іске асыру процесінде құрылысқа тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
2) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші ретінде салынған объектілерді пайдалануға берудегі қабылдауға қатысу;
3) аумақтарда қала құрылысын жобалаудың (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
4) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына енгізу;
5) облыстық мәслихат мақұлдаған халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыну мен әзірлеуді ұйымдастыру.
6) облыстық мәслихаттар мақұлдаған, әкімшілік-аумақтық бірлік ведомстволық бағынысты аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарларының жобасын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
7) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Републикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
8) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
9) аумақтардағы жоспарланған құрылыс салу немесе басқа қала құрылысындағы өзгерістер туралы тұрғындарды ақпараттандыру;
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылыс жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің актілерін дайындау;
11) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
12) мемлекеттік қала құрылысы кадастрінің мәліметтер базасына енгізу үшін белгіленген тәртіпте ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;
13) халқының есептік саны бір жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
14) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;
15) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы туралы ережені ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісімі бойынша әзірлейді және бекітеді;
16) өз құзыреті шеңберінде гендерлік саясатты іске асыру;
17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
4) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз ету;
5) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқаулардың орындамағаны немесе уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдану;
6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғаларынан құзыреті шегінде ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.


3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылығын «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады, олардың құзыреттерін белгілейді.
22. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастрады және басқарады;
2) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындауға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағандығы үшін дербес жауап береді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін анықтайды;
5) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері міндетті түрде орындау үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
8) «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырады;
11) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
23. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

akorda rusadilet2egov16expo18zeleconomgoszakupdosziljebnewsspktobolortcomelkzkaztubeipodkz enbek qazlatyn

Байланыстар

Телефон
+7 (7142) 575-411
Адрес
Әл-Фараби даңғылы 112, каб. 203, Қазақстан, Қостанай қ. 110000
Почта
usko@kostanay.gov.kz