ММ "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ"

1. ҚР Заңы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»

2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығы. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»

3. 12-бап. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау (ҚР Заңы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»)
Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі.
Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.


2018 жылғы 11 айда Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына:

Басқарма қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан 4695 хат келіп түсті,
90 өтініш, оның ішінде:
заңды тұлғалардан – 74 өтініш,
жеке тұлғалардан – 16 өтініш келіп түсті.
Өтініштер сипатының талдауы жеке және заңды тұлғалар негізінде құрылыс мәселелер бойынша – 64 өтініш,
еңбек және зейнеткерлік қамтамасыз ету мәселелері бойынша – 4 өтініш шағымданғанын көрсетті, жалпы көлік және коммуникация мәселелері бойынша – 4 өтініш шағымданғанын көрсетті, жалпы мемлекеттік басқару мәселелері бойынша – 4 өтініш шағымданғанын көрсетті, басқа мәселелер бойынша өтініштер біреуден келіп түсті.
Кайта шағымданған өтініштер жоқ.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне барлық жауаптар уақытында қарастырылады, 33 өтініш бойынша түсініктемелер беру туралы шешімдер қабылданды, 50 өтініш бойынша өтініштерді қанағаттандыру туралы шешімдер қабылданды, 6 өтініш құзыреті бойынша басқа меморгандарға қайта жолданды.
Есептік кезеңде Басқарма мамандарының жұмысына жүгінген азаматтардан наразылықтар тіркелмеген және заңмен бегіленген мерзімдердің бұзылуына жол берілмеген.

akorda rusadilet2egov16expo18zeleconomgoszakupdosziljebnewsspktobolortcomelkzkaztubeipodkzenbek

Байланыстар

Телефон
+7 (7142) 575-411
Адрес
Әл-Фараби даңғылы 112, каб. 203, Қазақстан, Қостанай қ. 110000
Почта
usko@kostanay.gov.kz