ММ "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ"

Ғимараттардың сәулеттік көрінісі туралы

Көп пәтерлі үйлердің иелері, пайдаланушылары (жалға алушылары, тұрғындары) үшін ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Ісшаралар жоспарымен «Цифрлық эфирлік теледидар және радиохабар тарату желісінің құрылысы» қарастырылған.

Осыған байланысты ғимараттың сәулет келбетін сақтау, келбетін өз бетінше өзгерткені үшін жауапкершілік шаралары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтік талаптармен танысуды ұсынамыз.

Қазіргі бар және жоспарланған тұрғын үйлердің ерекшеліктерін сақтау үшін қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға және жетілдіруге қала құрылысы іс-әрекеттерінің қатысушыларының қатысы маңызды болып табылады.

Заңнамалық нормалар субъектілерінің (жеке және заңды тұлғалардың) қала құрылысы регламенттерін қалалық ансамбльдердің сәулеттік-қала құрылысы көрінісін қалыптастыру бөлігінде сақтауға қойылатын талаптарды қамтиды. Жалпы алғанда, бұл қалалық ортаның сапасын жақсартуға, ғимараттың көріксіз сәулетін, жағымсыз құрылысты жоюға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Қазақстан Республикасы Заңының (одан әрі - Заң) анықтамасы бойынша:

«бірыңғай сәулеттік стиль – құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі өлшемдер болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, жабын түрі мен учаске аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады;»

Заңмен (71 және 72-баптары) пәтер иелері және пайдаланушылар (жалдаушы, жалға берушілер) объектінің сәулеттік келбетін өзгертуді тек рұқсат берілетін процедурасынан заңнамамен белгіленген тәртіппен ғана өту міндеттері қарастырылған.

Субъектілердің (17-бап) өз бетiнше сәулеттiк келбетiн өзгерту Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен бірге, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабымен жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізбеген жағдайда, Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын (Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешімімен бекітілген) бұзғаны үшін айыппұл белгіленген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларымен объектілерді пайдаланған кезде мыналарға:

ғимаратты немесе құрылысты күрделі жөндеу мен реконструкциялау жөніндегі іс-шара сәйкестендірілген құрылыс материалдарын қолдана отырып, қасбетті бірыңғай стильде кешендік безендіруді көздейтін жағдайларды қоспағанда, ғимараттың, құрылыс сәулет стилін бұзуға;

көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбет бөлігінде спутниктік немесе эфирлік сигналын қабылдау үшін Қазақстан Республикасы аумағында телерадиоканалдарды таратуға лицензиясы жоқ, байланыс және (немесе) телерадиохабарларын тарату операторларының спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

akorda rusadilet2egov16expo18zeleconomgoszakupdosziljebnewsspktobolortcomelkzkaztubeipodkz enbek qazlatyn

Байланыстар

Телефон
+7 (7142) 575-411
Адрес
Әл-Фараби даңғылы 112, каб. 203, Қазақстан, Қостанай қ. 110000
Почта
usko@kostanay.gov.kz